«Aqylsana» қоғамдық қоры және қор жанындағы жұмыс істейтін «Balpan» түзету-дамыту орталығы Қарағанды облысында инклюзивті мектепке дейінгі білім беруді жүйелі дамытуға бағытталған стратегиялық маңызды білім беру бағдарламасының қорытындысын шығарды.
Қарағанды облысы Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Aqylsana» Қоғамдық қоры және «Balpan» түзету-дамыту орталығы «Мінез-құлықты қолданбалы талдаудың (ABA) психикалық бұзылыстары бар балаларды сүйемелдеудегі заманауи тәсілдері» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтады.
Біздің команда тікелей эфирде: «Aqylsana» қоғамдық қорының сарапшылары «Жаңа FM» радиосында Қарағанды облысында инклюзияның ауқымды трансформациясы туралы айтты.